Жаңалықтар

Алматыдағы метро құрылысын ерте аяқтауға Қытай компаниясы көмектеседі

Метро құрылысына Қытай компаниясы атсалысады/фото: kursiv.media

Алматы қаласындағы метро құрылысына Қытай компаниясы қатысады. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев «Барлық» базарына дейін құрылыс қарқын алатынын хабарлады.

Депутат метроны салу баяу жүргізіліп жатқанын да хабарлады. Тәулігіне 3 метрден ғана тоннель қазылуда.

Құрылыс жұмысы 15-20 метр тереңдікте жүргізіліп жатыр. «Барлыққа» дейін жету үшін 152 учаскеде орналасқан нысандарды бұзуға тура келеді.

«Барлық» стансасы маңызды хабқа айналады, метро мен LRT-ны байланыстыратын трансфер стансасы болады. Осының арқасында тұрғындар көліктерін тастап, қала орталығына ыңғайлы жететін болады», – деп атап өтті Сергей Пономарев.

Жоба 2029 жылы аяқталуға тиіс. Биыл метро салуға 28 млрд теңге бөлінген.

Бұған дейін Пономарев құрылыс басталғалы жоба құны қымбаттап жатқанын қаперге салған. Әріптестері қаржы бөлдіртуге көмектесетінін мәлімдеген.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кезедскен уақытта метро желісі әуежайға дейін жеткізілетінін айтты.