Зеленский одақтастарының әскерін Украина аумағына шоғырландыруды ұсынды

Жарияланды
Зеленский одақтас елдер әскерін Украинадағы Ресей күшін ығыстыруға шақырды/ фото: Украина Президенті кеңсесінен

Украина Президенті Зеленский өз елінің аумағына одақтастарының әскерін кіргізуге қарсы емес екенін мәлімдеді. Бұл әскери күш Ресейге тосқау болады деп мәлімдеді ол.

«Дәл осыны жүзеге асыру үшін нақты іске көшейік. Ұлыбританияның қолдайтынын білдіріп, белгі бергенін білеміз. Біз батыл болуымыз керек және шынымен күшті құралдарды тосуымыз керек», – деді Президент.

BBC ақпары бойынша Германиядағы Рамштайн әуе базасында Украинаға қатысты байланыс тобының 25-отырысы өткен.

The Moscow Times басылымының жазуынша, Зеленский Францияның Украинаға серіктес әскерлер енгізу туралы ұсынысын еске салған. Франция Президенті Макрон осы идеяны алғаш рет көтерген.

«Біз бәріміз түсінеміз: бүгінгі күні Путиннің мақсаттары өзгеріссіз қалады және ол Украинаны толығымен жойып, бәріміздің де, сіздердің де тізесін бүктіргісі келеді», – деді Украина басшысы.

Зелинский өздерінде қуатты дрондар, қару-жарақ бар екенін еске салған.

Бұған дейін Зелинский Францияда Макронмен және АҚШ көшбасшысы Трамппен кездескен. Кейбір дереккөздер Трамп Еуропа әскерінің Украинада топтасуына қарсылық білдірмегенін айтты.

Дональд Трамп сайлаулда үгіт кезеңінде Украина мен Ресейдің арасындағы өршіген соғыс қимылын бірден тоқтатынын мәлімдеген.  Сарапшылар әлі күнгі оның нақты не шара қабылдағысы келіп отырғанын ашып айта алмады.

Сондай-ақ оқыңыз