Декларация тапсырмайтындар кұны 74 млн теңгеден асатын дүние-мүлік сатып алса, оған ақшаны қайдан тапқанын ашық көрсетуі керек болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.
2025 жылы 8 млн-ға жуық адам декларация тапсырудан босатылғаны белгілі. 8 миллион тұрғынның қатарына жеке сектор қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалары кіреді.
Алайда олар алдағы уақытта жалпы құны 20 000 АЕК болатын (74 млн теңге) актив сатып алса, бұл ақшаны қайдан алғанын ашық жариялауы керек.
«Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі. Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс», – делінген комитет хабарламасына.
Қазіргі кезде жалпыға бірдей декларациялау аясында 4 млн адам салық есебін тапсырған. Олар: шенеуніктер, мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері банктер, құнды қағаздар нарығы, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары бар.
2025 жылы былтыр декларация тапсырған кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріліп, салықтан жалтарғандар анықталады.