«Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысына нарықтан 70 млрд теңге тартылады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

QazaqGaz компаниясының еншілес ұйымы – «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорны нарықтан 70 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Ол үшін компания Қазақстан қор биржасына облигацияларын орналастырады.

Компанияның кепілсіз купордық акциялары бірінші және екінші облигациялық бағдарлама аясында биржаға шығарылады. Алты жаңа транш бірден шығарылмақ.

Бірінші бағдарлама аясында жалпы сомасы 17,9 млрд теңгені құрайтын облигациялар орналастырылады. Ол үшін құны 1 мың теңгелік 7,9 млн купон шығарылады. Жетінші шығарылымның сомасы 12,2 миллиард теңгені құрайды, мерзімі – 10 жыл. Құнды қағаздар биржа тізіміне 9 қаңтарда енгізілді.

нарықтан тартылған қаржы «Талдықорған – Үшарал магистральды газ құбыры» құрылысын қаржыландыруға бағытталған. Бұл жоба тамыз айында қолға алынған болатын.

Бұған дейін QazaqGaz компаниясы капиталын 299,9 миллион теңге артыратыны хабарланды. Бұл сома жоба-сметалық құжаттамамен төленеді. QazaqGaz шығаратын облигацияларды жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры басым құқықпен сатып алған.

Былтыр «Интергаз Орталық Азия» директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Нұрболатұлы 2,5 жылға сотталды. Топ-менеджер «Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу» жобасының сметалық құнын асыра бағалап, жалған актілерге қол қойған.

Сондай-ақ оқыңыз