10 қаңтарда Қазақстанның батыс аймағында жаңбыр жауып, шығыс және солтүстік аймақтарда қарлы боран болады. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.
Атлантика мен Арктикадан келген циклон мен антициклонның жылдам ауысуы елдегі ауа райының құбылуына әсер етіп жатыр. Осының әсерінен аймақтағы ауа райында өзгерістер жиі болады. Мәселен, 10 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында қарлы боран тұрса, батыста жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады.
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстігінде температура −15 -25 °C-тан 10-18 °C-қа дейін, оңтүстікте -10 −15 °C-қа дейін ауытқиды.
Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында -20-25-тен -5-13 °C-қа дейін өзгеріс болады. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі.
- Астанада күндіз −6-8 °C, аздаған қар, қарлы боран, екпіні 15-18 м/с дейін жел соғады, түнде −10-12 °C.
- Алматыда күндіз 0 -2 °C, жауын-шашынсыз және жел жоқ. Түнде -8-10 °C, кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады.
- Шымкентте күндіз +4 + 6 °C, түнде −5-7 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы -3-8 м / с.