Қазақстандық әуежайларда отандық бизнестің үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Әуежайларда отандық бизнес үлесі 50% кем болмауы тиіс
Әуежайларда отандық бизнес үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық әуежайлардағы қызмет көрсететін отандық бизнестің үлесі кем дегенде 50% болуы тиіс. Бұл бизнеске артықшылық беру мақсатында жасалып отыр.

Көлік министрлігі әуежайда кімнің және қандай шарттарда қызмет көрсете алатынын реттейтін ережелерге өзгерістер енгізді. Құжат 24 қаңтарға дейін «Ашық НҚА» жүйесінде талқылауда болуы тиіс

Жобаға сәйкес, әуежайларда қызмет көрсетуге арналған конкурстарға қатысу үшін компания акцияларының кемінде 50%-ы Қазақстанда тіркелуі тиіс. Бұған қоса, қызмет көрсету алаңдарының 50%-ы қазақстандық кәсіпкерлерге берілуі тиіс. Бұл шаралар халықаралық және ішкі рейстер терминалына арналған.

«Отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілерге бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету», – делінген құжаттың мақсатында.

Бұл шара Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін бұзбаса ғана қолданылады. Сондай-ақ әуежайдың жұмысына тікелей қатысы жоқ дүкендер, кафелер мен мейрамханалар, қызмет көрсету аймақтарына қатысты болмақ.

Егер өзгерістер бекітілсе, Қазақстанның әуежайлары жергілікті нарыққа айналып, онда қазақстандық компаниялар қосымша артықшылықтарға ие болады.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық кәсіпкерлер Алматы әуежайынан қуылып жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз