Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елде шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді заңдастыруға байланысты шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Бұл құжат шетелдік нөмірлі автокөліктерді сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге, олардың адал иелеріне көліктердің сақталуына кепілдік беруге, заңдастыру процесін жеңілдетуге және құқықтық анықсыздықты жоюға бағытталған.
Қырғызстан Президенті жарлығында Министрлер кабинетіне бірқатар міндеттер жүктелді:
1. Шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру тәртібін реттеу
Екі ай ішінде Қырғызстанға әкелінген шетелдік нөмірлі автокөліктерді заңдастыру процедурасын реттеу және тиісті шешім қабылдау. Алты ай ішінде заңдастыруды үш кезеңде ұйымдастыру:
- 1-кезең: Құқық белгілейтін құжаттары бар көліктерді заңдастыру.
- 2-кезең: Құқық белгілейтін құжаттары жоқ, бірақ техникалық жағдайы талапқа сай көліктерді заңдастыру.
- 3-кезең: Құжатсыз көліктердің иелеріне оларды бөлшектеп сату, елден шығару немесе қайта өңдеу сияқты шараларды қолдануға мүмкіндік беру.
2. Алғашқы тіркеу ережелерін бекіту
- Қырғызстанға әкелінген көліктерді алғашқы тіркеу шарттары мен тәртібін әзірлеу, тіркеу алымының мөлшерін анықтау және оның қолданылу мерзімін бекіту.
3. Шетелдік көліктердің ел аумағында болуын бақылау
- Шетелдіктер басқарған көліктердің Қырғызстан аумағына кіру және болу мерзімдерін бақылау тәртібін енгізу.
- Құжатсыз шетелдік нөмірлі көліктерді қырғызстандықтардың басқаруына тыйым салу.
4. Шекара бақылауын күшейту:
- Шекара қызметіне, Мемлекеттік салық қызметіне (ГНС) және Мемлекеттік кеден қызметіне (ГТС) ЕАЭО ішкі және сыртқы шекараларында көліктердің заңсыз әкелінуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
5. МВД мен Экономика министрлігінің міндеттері
- Ішкі істер министрлігі (МВД) шетелдік нөмірлі көліктерді қырғызстандықтардың басқаруын анықтауға көмек көрсетуі тиіс.
- Экономика министрлігі автокөлік кузовтарын әкелуге уақытша тыйым салу туралы үкімет қаулысының жобасын дайындауы қажет (халықаралық келісімдер негізінде әкелінген кузовтардан басқа).
Бұл жарлық ресми жарияланған күннен бастап жеті күн өткен соң күшіне енеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі автокөліктердің салығын алып тастаған еді.