АҚШ-та Cybertruck көлігін жарған күдікті ChatGPT-ды пайдаланған

Жарияланды 10 Қаңтар 2025 11:21

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
АҚШ-та Cybertruck көлігін жарған күдікті ChatGPT-ды пайдаланған / коллаж: kursiv.media, биль-редактор: Ахтам Зиперов

АҚШ-та Дональд Трамптың Лас-Вегастағы Trump International қонақүйінің маңында Tesla компаниясының Cybertruck электромобилі жарылған еді. Лас-Вегас полициясының мәліметінше, күдікті жарылыс жоспарын құру үшін ChatGPT жасанды интеллект чат-ботын қолданған.

8 қаңтар күні Лас-Вегас полициясының шерифі Кевин Макмахилл баспасөз мәслихатында күдікті жарылыс алдында ChatGPT-тан бомба жасауға қажетті мәліметтер сұратқанын мәлімдеді.

Полиция дерегіне сүйенсек, 37 жастағы Мэттью Л. есімді күдікті ChаtGPT-дан: бомба жасау үшін қажетті материалдарды қайдан алуға болатыны, оны құрастыру және іске қосу тәсілдері туралы сұрақтар қойған.

Сонымен қатар күдікті чат-ботты пайдалана отырып, Аризона штатында отшашуларды қолданудың заңдық жағдайы туралы мәлімет алуға тырысқан.

ChatGPT-тың қауіпті мақсатта қолданылуы

Бұл оқиға АҚШ аумағында ChatGPT жасанды интеллектісін жарылғыш зат жасау үшін қолданған алғашқы жағдайы болып отыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл дерек жасанды интеллект технологиясының қауіпсіздігіне байланысты сынның күшеюіне себеп болуы мүмкін.

Көптеген маман жасанды интеллект құралдарының адамзатқа пайдасы зор болғанымен, оны дұрыс пайдаланбау қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз