Жаңалықтар

Сот Қашаған операторын Қазақстан пайдасына 3,5 млрд теңге төлеуге міндеттеді

Қашаған операторы
Сот үкіміне сәйкес «Қашаған» операторы 3,5 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеуі керек / Фото: Ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қашаған операторын Қазақстан пайдасына 3,5 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі құжатта жарияланған.

Сот NCOC-тың аппеляциялық шағымын қарап, компания талабын қанағаттандырмады.

«Норт Каспиан Оперейтинг компаниясы Н.В.» филиалының сот ісін қараусыз қалдыру жөніндегі талабын қанағаттандырудан бас тартылсын», – делінген сот үкімінде.

Даудың басы

ҚР Энергетика министрлігі Қашаған кен орнында кешенді тексеріс жүргізе келе, компанияның уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағу фактісін анықтаған.

Оператор өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» тура Кодексінің 49-бабын алға тартып, жер пайдаланушы ретінде жер қойнауын игеру операцияларын жүзеге асырғанын мәлімдеп, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда сот газ жағу ұлттық заңнама нормаларын бұзды деп танып, компанияның алға тартқан уәжін қабылдамаған.

Солайша бұған дейін шыққан сот шешімі өзгеріссіз қалған. Оған сәйкес, компаниядан 2 823 549 395 теңге және 726 998 611 теңге мөлшерінде келтірілген залал сомасы өндіріп алынуы керек.