Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей қайтыс болды
Жарияланды
Алматыда жанжал кезінде пышақ жарақатын алған полиция қызметкері қала ауруханаларының бірінде қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Медеу аудандық полиция басқармасында қызмет еткен азамат жанжал кезінде демалыста болған, яғни қызметте болмағаны нақтыланды.
Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұдан бөлек, Медеу аудандық полиция басқармасында қызметтік тексеру басталды.
Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес істің басқа да егжей-тегжейлері жария етілмейтінін атап өтті. Тергеу жалғасып, іс сотқа жіберіледі.