Жаңалықтар

Қазақстандық банктен 55 млн теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды

Задержание
Қазақстандық банктен 55 млн теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды / Фото: коллаж kursiv.media

Қазақстандық банктердің бірінен 55 млн теңге көлемінде қаржы ұрлаған күдікті азамат Швецияда ұсталған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ Ұлттық Орталық бюроның өтініші бойынша халықаралық іздеуде болған 38 жастағы ер адам Швецияда ұсталғанын нақтылады. 

Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2018 жылы Алматы банктерінің бірінде ақша аударымдарын жүргізіп отырған. Ер адам 55 миллион теңгені ұрлап үлгерді деген күдік бар. Қазір ол Швецияда қамауда отыр.

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, ол кінәсі дәлелденген жағдайда 188-бап («Ұрлық жасау») бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.