Жаңалықтар

Динара Закиева жасөспірім қыздармен хат алмасқан ер адамға қатысты пікір білдірді

Динара Закиева
Динара Закиев жасөспірім қыздармен хат алмасқан ер адамға қатысты пікір білдірді / Фото: Динара Закиеваның Фейсбук парақшасынан

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева 10-11 жастағы жасөспірім қыздармен хат алмасқа ер адамға қатысты пікір білдірді.

Блогер Құлпынай Қалменова өз күйеуі Қолғанат Жұмабаев 10-11 жастағы жасөспірім қыздармен хат алмасып жүргені туралы жазып, дабыл қаққан. Мәселеге Закиева пікір білдірді. Ол блогермен байланысқа шығып, заңгерді іске қосқанын айтты. Іске өңірлік прокуратура процесс бастау бойынша жұмыс бастаған. 

«Сонымен қатар, ата-аналарды қырағы болуға шақырамын: баланың кіммен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіптер жайлы айтып отыру, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 нөмірлеріне хабарлау қажет», – делінген Закиев жазбасында.

Қолғанат Жұмабаев – барбершоп бизнесін жүргізеді. TikTok желісінде 1 миллионнан астам жазылушысы бар. Әдетте балалармен бірге видео түсіреді. Жұмабаев қыз балаларды аналарымен бірге бейнежазба жазған. Онда аналар ер азаматқа сенім білдірген. Ол қыз баланы құшақтап, шашынан иіскеп, бейнежазбаны чатқа жіберген. Видео түсірмес бұрын балалардың ата-аналарынан рұқсат алған.

Оның бұл әрекеті туралы білген әйелі дабыл қаққан. 

«Күйеуім қасымда жатып, түнгі 12-де 10-11 жасар қызға оның әдемі екенін жазып, ғашықпын деп айтқан. Біріншіден, ол психологиялық тұрғыдан сау емес адам. Екіншіден, бұл қылмыс. Мұндай адаммен өмір сүре алмаймын», – деп жазған Қалменова.

Әйел адам қыздардың ата-аналарына да ескерту жасаған. Алайда олар іске алаңдаушылық танытпаған.