Ресейлік «Роснефтефлот» компаниясына тиесілі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мұнай танкері АҚШ санкцияларына ұшырады.
10 қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкциялардың жаңа тізімін жариялады. Оған екі ірі ресейлік «Газпромнефть» және «Сургутнефтегаз» мұнай-газ компаниялары, сондай-ақ «Совкомфлот», «Роснефть» және «Газпромнефтьпен» байланысты жүзге жуық кеме енген.
Тізімге енге кемелер қатарында «Звезда» кеме жасау кешенінде жасалған Нұрсұлтан Назарбаев атындағы танкер де болды. Танкер 2020 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның тұңғыш президенті 80 жасқа толғанда салтанатты түрде жасалып бастаған.
Танкерге Назарбаев есімін беру туралы шешімді Ресей үкіметі қабылдаған. Бұл Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан зор үлесін атап өту үшін жасалған еді.
Танкер мұнай және өзге де бағалы жүктерді тасымалдайтын «афрамакс» кемелер тобына жатады. Ұзындығы 250 метр, ені 44 метр, ал жүк көтеру салмағы 114 мың тоннаға жетеді. Бұқаралық ақпарат құралдары танкердің құрылысы 2022 жылдың қыркүйегінде аяқталатынын жазған.
Айта кетейік, АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялар тізіміне қазақстандық екі компания: «Газпром нефть Қазақстан» және UMBRA NAVI SHIPMANAGEMENT CORP іліккен. Бұл екі компанияға Ұлыбритания да санкция салған.