Lifestyle

Qalam-ның апта таңдауы: XIX ғасырда шала қазақ деп кімді айтқан?

Qalam-ның апта таңдауы: XIX ғасырда шала қазақ деп кімді айтқан? / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада XX ғасырдың басында Түркістан өлкесінде ең әйгілі жолбасшы болған каттақорғандық Жақыппен танысамыз. Сонымен қатар ғалым Ольга Гумированың «Бұл палеолит дәуіріндегі шахмат тақтасы ма?» тақырыбында ежелгі торкөз өрнектің құпиясы жайлы мақаласы жарияланды. Бұдан бөлек Сорин Бруттың Қастеев музейінде өткен Саян Байғалиевтің көрмесі туралы «Офлайнда адасқан туындыгер» атты мақаласы арқылы суреткердің сан қырлы ерекшелігін білеміз. Сондай-ақ археолог, тарихшы Николай Веселовскийдің қазақтар, шала қазақтар, қазақ тілі жайлы жазбасынан үзінді оқимыз. 

Каттақорғондық Жақып

Ромберг Б.Ф. Өзбекстан, Самарқанд облысы, Самарқанд қаласы. 1909-1910/Wikimedia commons
Ромберг Б.Ф. Өзбекстан, Самарқанд облысы, Самарқанд қаласы. 1909-1910/Wikimedia commons

Атақты химик, өнертапқыш Сергей Прокудин-Горскийдің фотосуреттері көпке белгілі. Оның Орталық Азияда саяхаттап жүріп түсіргені жергілікті қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, қырғыздардың және басқа халықтың жүздеген портретінен тұратын таңғажайып топтамаға айналды. Фотосуреттердің көбінде қарапайым адамдардың бейнесі бар. Өкінішке қарай, олардың нақты кім екенін білмейміз. Бірақ Прокудин-Горскийдің суреттерінде бір адам басқаларға қарағанда жиі ұшырасады. Кемі төрт рет. Бұл Түркістан өлкесінде жолбасшы һәм тілмәш боп қызмет атқарған Жақып. Толығырақ мына мақаладан оқи аласыз.

Палеолит дәуіріндегі шахмат тақтасы ма?

Торкөз. Көкентау. Сурет/Ольга Гумирова
Торкөз. Көкентау. Сурет/Ольга Гумирова

Ғалым Ольга Гумирова петроглифтерді іздеу кезінде сегіз-тоғыз көлденең сызықтың басқа сызықтарды 90 градус бұрыш жасап қиып өткені бейнеленген кесте тапқанын айтады. Бұл палеолит не қола дәуірінде шахмат ойыны болған деген сөз бе, әлде біз білмейтін басқа бір үстел (нақтысы, жартас) ойынының тақтасы ма? Қарапайым суреттің ғалымдарды қызықтырар не құдіреті бар дерсіз. Құдіреті сол: мұндай сирек кездесетін сурет түрлі замандағы түрлі мәдениетте бар. Анық-қанығын осы жайлы материалдан білесіз.

Офлайнда адасқан туындыгер

Автопортрет/Саян Байгалиев
Автопортрет/Саян Байгалиев

Саян Байғалиев — жас болғанымен, төрткүл дүниеге аты шыға бастаған суретші. Оның сырт көзге әсерлі көрінетін «мүсіндік кескіндемеcінің» терең қатпарында онлайн әлем мен ақпарат тасқынында адасқан заманауи көрерменге ой салар астар бар. Автор Сорин Брут Қастеев атындағы музейде өткен Байғалиев көрмесі жайлы шолуын ұсынады.

Қазақтар мен шала қазақтар

С.И. Борисов. Киіз үйде. 1911-1913/Library of Congress
С.И. Борисов. Киіз үйде. 1911-1913/Library of Congress

Археолог, тарихшы Николай Веселовский — Орталық Азияны зерттеген, қазба жұмыстарын жүргізген ғалым. Сондай-ақ жергілікті қолжазбаларды да жинаумен де айналысқан, көрген-білгенін қағазға түсіріп отырған, өңір халқы туралы ой-толғамын бөліскен. Мәселен, ол Орталық Азияда аралас неке өте жиі кездесетінін және басқа ұлт әйелінен туған қазақтың ұлы «шала қазақ» аталатынын жазып кеткен. Qalam редакциясы Веселовскийдің XIX ғасыр аяғындағы қазақтар, қазақ поэзиясы мен лирикасы туралы айтқанынан үзінді жариялап, ұсынып отыр.