Жаңалықтар

Қазақстанның шығысында жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінісі
Қазақстанның шығыс аймағында жер сілкінді / Фото: shutterstock

Қазақстанның шығыс аймағында 3,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Тербелістің негізгі ошағы Алматыдан 76 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 балл болған. 

Еуропа және жерорта теңізі сейсмологиялық жүйесіне сүйенсек, негізгі ошағы Алматының солтүстік-шығысында орналасқан, Түрген аймағына жақын.

Тербеліс Астана уақытымен шамамен сағат 16:15 тіркелді. Орталықтың хабарлауынша, тербеліс ұзаққа созылмаған.

Геофизикалық зерттеулер институтының ақпаратына сәйкес, магнитудасы 1 км тереңдікте 3,8 баллды құрады.