Қар көшкініне байланысты ШҚО-да автожолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында сағат 9:00-ден бастап кейбір автожол учаскелері жабылды. «Қазавтожол» ҰК қар көшкініне байланысты шешім қабылдағандарын түсіндірді.
Жабылған бағыт – таулы жердегі жолдар. Туристік нысан – Рахман бұлағына алып баратын жолмен жүруге тыйым салынды. Мекемеге қар басып қалу қаупі зор деп есептейді.
«2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 09:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің профилактикалық түсуіне байланысты «Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман кілттері автожолының 46-66 шақырымы, Северное а. учаскесі – Серебрянск қ. көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері енгізіледі», – деп хабарлады компания.
Түс қайта, сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған.
Былтыр полиция Алматы облысында жол сапасын назарда ұстамаған «Қазавтожолға» 16 млн теңге айыппұл салды.