Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында халық үкіметке қарсы шеруге шықты. Тұрғындар елде жемқорлықтың күшейгеніне наразы. Оған қоса әлеуметтік мәселелер де назарға ұсынылды. Мәселен, жолдағы кептеліс, салықты азайту, қаладағы түтінді сейілту жайы көтерілген. Сухэ-Батор атындағы орталық алаңға 3 мыңдай адам жиналған.
Zindaa.mn басылымының жазуынша, осы оқиғаға байланысты астанада 15 автобус маршруты тоқтаған. Орталық көшеде көлік қозғалысы кідірді.
Моңғолияда ұйымдастырылған наразылық акциясы бірнеше сағатқа созылды. Алаңға жиналған адамдар билік белгілеген шамада – жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де тарқауы тиіс еді.
Шеруге шыққандар Парламент депутаттарынан үкіметті отставкаға жіберуді талап етті. Алаңдағылардың кейбірі үкімет кеңсесіне шабуылдамақ болған. Арнайы жасақ оларды тоқатты.
Митингіні «Азаттық альянсі» партиясы ұйымдастырды.
Айта кетейік, 2024 жылы Моңғолия билігі Ресей Президенті Путинді құрметпен қарсы алды. Рим статусына қол қойған елдің бірі болса да, Моңғолия халықаралық қылмыстық сот талабын орындамады. Сот қаулысы бойынша жергілікті үкімет Путинді тұтқындауға тиіс болған. Одан кейін билік өкілдері энергетикалық тұрғыда Ресейге тәуелді екендерін мойындады.