Lifestyle

Wildberries негізін қалаушы Бакальчуктердің ажырасу ісі 13 қаңтарда қаралады

Wildberries негізін қалаушы Бакальчуктердің ажырасу ісі 13 қаңтарда қаралады / Фото: t.me/kimtatyana2024

Wildberries басшысы Татьяна Ким мен оның күйеуі Владислав Бакалчуктың ажырасу туралы талабы 13 қаңтарда сотта қаралады. Бұл туралы РИА Новости соттағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазды. Отырыс Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталуы тиіс.

«Сот ажырасу және мүлікті, соның ішінде Wildberries компаниясын бөлу мәселесін шешуі керек. Владислав Бакалчуктың заңгері Елена Ковалеваның айтуынша, ер азамат некені сақтауды талап етеді. Сондықтан сот оның татуласу туралы өтінішін қарауы керек», — деп жазады басылым.

Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким (бұрын тегі Бакалчук болған) мен компанияның 1% акциясына иелік ететін Владислав Бакалчуктың ажырасатыны туралы шілде айында белгілі болды. 

Осы тұста Ким ресейлік маркетплейстің RUSS компаниясымен бірігуі туралы хабарлады. Бұған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қарсы шығып, бизнестің «рейдерлік жолмен тартып алынып» жатқаны туралы айтқан еді. Осыдан кейін Владислав Бакалчук Wildberries кеңсесіне келіп, атыс басталып, екі күзетші қаза тапты. 

Полиция Бакалчукты босатқанымен, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған. Қарашада ол Қырғызстан азаматтығын алған.