OFAC лицензиясының тоқтағанына байланысты шетелдік инвесторлар Ресейдегі бағалы қағаздарына қол жеткізе алмай қалды

Жарияланды
OFAC
OFAC Мәскеу биржасының операцияларына қатысты лицензиясының тоқтағанын хабарлаған / Фото: kursiv.media

Кейбір инвесторлар ресейлік акциялардың депозитарлық қолхаттарына қол жеткізе алмай қалды. Бұған OFAC-тың (АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының) Мәскеу биржасының операцияларына қатысты лицензиясының тоқтауы себеп болған.

Осыдан кейін кейбір инвесторлар ресейлік компаниялардың шетелдік инфрақұрылымдағы акцияларының депозитарлық қолхаттарына қол жеткізе алмай қалған. Бұл туралы өз клиенттеріне Clearstream депозитарийі хабарлаған.

2024 жылдың шілдесінде Еуропалық Комиссия ЕО инвесторларының Ресейдегі инвестицияларын шығаруды жеделдету үшін Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің шоттарында бұғатталған депозитарлық қолхаттарды ресейлік компаниялардың акцияларына айырбастауға рұқсат еткен болатын. Мұндай мүмкіндік тек ЕО азаматтарына берілді. Ал оған дейін АҚШ Мосбиржаның бірқатар ұйымдарын санкциялық тізімге енгізіп, биржамен қатысы бар операцияларды 2024 жылдың 13 тамызына дейін аяқтауға рұқсат берген еді.

Осыған орай Clearstream ішкі нарықтық процестерді OFAC лицензиясы тоқтатылғанға дейін аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады. Алайда 2024 жылдың 31 желтоқсанында еуропалық депозитарий лицензияның тоқтағанына байланысты тұтынушыларына конвертациялау шараларының толық аяқталмағанын хабарлады. Депозитарий BNY Mellon америкалық банкінің тұтынушыларының бағалы қағаздарын OFAC лицензиясының тоқтауына байланысты шығарылмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Clearstream Люксембург пен Германияда орналасқан бағалы қағаздармен есеп айырысу жүйелерін басқарады, бұл депозитарий бағалы қағаздарды сақтауға мүмкіндік береді. Бұл депозитарий Еуропадағы екі халықаралық бағалы қағаздар орталық депозитарийлерінің бірі саналады.

Сондай-ақ оқыңыз