Алматылықтар 2% және 6%-бен жеңілдетілген несие ала алады

Жарияланды
Алматылықтарға жеңілдетілген несие беріледі / Фото: Алматы қаласы баспасөз қызметі

 «Almaty Business-2025»кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында алматылық кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес иелері жылдық 2%-дық  және 6% -дық мөлшерлеме бойынша несиелер ала алады.

Жеңілдетілген несиені кімдер ала алады?

2024 жылы 100-ден аса кәсіпкер осы бағдарлама бойынша несие алған. Берілген қарыздың жалпы көлемі 3,6 млрд теңгеден асады. Бір адам кемінде 73 млн теңгеге дейін қарыз алуға мүмкіндігі бар, несие берілуі мерзімі 7 жылға дейін жетеді.      

2%-дық жеңілдетілген несие Алматы қаласының өнеркәсіптік парктерінің резиденттері, көп балалы аз қамтылған отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына беріледі.

6%-дық жеңілдетілген несие Алматыдағы шағын және орта бизнесті жаңа бастаған немесе жұмыс істеп тұрған субъектілерге арналған.

12%-дық жеңілдетілген несие тіркеу және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мерзімі 6 айдан кем емес, Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ иелері үшін арналған.

Жеңілдетілген несие туралы толығырақ https://mfoalmaty.kz/ сайтында жазылған.

Жеңілдетілген несиені қанша кәсіпкер алып үлгерді?

Былтыр берілген несиелердің басым көпшілігін өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер алды. Екінші орында – денсаулық сақтау жобалары (20%), үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11%) салалары. Одан кейінгі орындарда креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%) жобалары жайғасқан.

«Almaty Business-2025»бағдарламасы 2019 жылы бекітілген. Сол уақыттан бері 600-ге жуық жоба қаржыландырылды.

  «Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025»бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», – деп атап өтті «Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

   

Сондай-ақ оқыңыз