«Almaty Business-2025»кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында алматылық кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес иелері жылдық 2%-дық және 6% -дық мөлшерлеме бойынша несиелер ала алады.
Жеңілдетілген несиені кімдер ала алады?
2024 жылы 100-ден аса кәсіпкер осы бағдарлама бойынша несие алған. Берілген қарыздың жалпы көлемі 3,6 млрд теңгеден асады. Бір адам кемінде 73 млн теңгеге дейін қарыз алуға мүмкіндігі бар, несие берілуі мерзімі 7 жылға дейін жетеді.
2%-дық жеңілдетілген несие Алматы қаласының өнеркәсіптік парктерінің резиденттері, көп балалы аз қамтылған отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына беріледі.
6%-дық жеңілдетілген несие Алматыдағы шағын және орта бизнесті жаңа бастаған немесе жұмыс істеп тұрған субъектілерге арналған.
12%-дық жеңілдетілген несие тіркеу және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мерзімі 6 айдан кем емес, Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ иелері үшін арналған.
Жеңілдетілген несие туралы толығырақ https://mfoalmaty.kz/ сайтында жазылған.
Жеңілдетілген несиені қанша кәсіпкер алып үлгерді?
Былтыр берілген несиелердің басым көпшілігін өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер алды. Екінші орында – денсаулық сақтау жобалары (20%), үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11%) салалары. Одан кейінгі орындарда креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%) жобалары жайғасқан.
«Almaty Business-2025»бағдарламасы 2019 жылы бекітілген. Сол уақыттан бері 600-ге жуық жоба қаржыландырылды.
«Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025»бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», – деп атап өтті «Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.