Жаңалықтар

Қазақстанда мопедті тіркеу үшін керек құжаттар тізім көбейді

Мопед тіркеу үшін қандай құжаттар керек? / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Енді мопед иелерінде тек жүргізуші куәлігі болуы жеткіліксіз, енді транспортын тіркеп, мемлекеттік нөмір алуы қажет. Осыған байланысты ІІМ мопед тіркеу үшін азаматта болуы керек құжаттар тізімін жариялады.

Қазақстанда мопед тіркеу үшін керек құжаттар тізімі:

  • жеке куәлік
  • 983 тг (0,25 АЕК) көлемінде тіркеу жарнасы және техникалық 4915 тг көлемінде (1,25 АЕК) техникалық құжат үшін салық төлегенін растайтын төлемдер
  • мопедтің мемлекеттік тіркеуі туралы арыз (ол жерде транспорт құралының сипаттамасы жазылады)
  • техникалық құжат (егер бар болса) немесе мопедтің техникалық сипаттамасы жайлы анықтама
  • бұрынғы техникалық паспорты және мемлекеттік нөмір (егер болса)
  • бірінші тіркеу кезінде берілген транспорт құралын тексеру актісі
  • егер мопед басқа адамға рәсімделіп жатса, сенімхат

Бұған дейін мопедті тіркеу үшін керек құжаттар тізімін жариялаған едік, бірақ жаңа өзгерістер бойынша тізім толықтырылып отыр.

ІІМ-нің бұйрығы 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді. Бірақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Серік Түсіповтың сөзінше, қаңтардың екінші жартысынан бастап мопедтерді тіркеу басталады.

Министрлік мопедтерді тіркеуді жол көлік оқиғаларының жиілеп кетуімен түсіндіреді. Мысалы, Алматының өзінде 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 360 жағдай тіркелген. Оның салдарынан 364 адам жарақаттанып, 6 адам қайтыс болған. Сондықтан Ішкі істер министрлігі мопед жүргізушілеріне 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.