13 қаңтар, дүйсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,9 болатын күшті жер сілкінісі болды. Оның күші Кюсю аралының жағалауында анық сезілді.
Ресми мәлімет бойынша жерасты дүмпулері сағат 21:19-да тіркелген. Апат ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте, Миядзаки префектурасында екені белгілі болды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі толқыны бір метрге дейін жететін цунами қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. Алапат толқын Сикоку аралының оңтүстік жағалауы мен Кюсю аралының шығыс жағалауында көтерілуі мүмкін.
Амами, Якусима, Токара, Танегасима аралдары мен Хонсю аралының кейбір аудандарында биіктігі 20 см-ге дейін жететін толқындар күшейетіні туралы ақпарат тарады.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Билік жергілікті тұрғындардан дереу жағалаудан алыстап, өртті пайдаланған кезде барынша сақ болуды талап етуде. Жапония премьер-министрінің кеңсесі жер сілкінісі кезінде дағдарыс орталығын құрды.
Қаңтар айының басында Күншығыс елінде зілзала болды. 170-ке жуық адам мерт болды, 320-дан астам кісі жоғалып кетті.