Қазақстандықтар зейнетақы жинағын негізінен үй жағдайын жақсарту мен тіс емдеуге жаратады

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 4,33 трлн теңгеден асатын мөлшерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдаланды. Орындалған өтініш саны – 2,52 млн, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»ның баспасөз қызметі.

Тұрғын үйге

2021 жылғы қаңтар мен 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға аналған 1 885 252 өтініш орындалған. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 3,74 трлн теңге аударған.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 1,98 млн теңгеден асады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша орындалған өтініштердің ең көп саны Алматы (20,66%), Астана қалаларының 20,12%), Маңғыстау облысының (9,47%) тұрғындарынан түскен.

Емделу

Қор емделу үшін жалпы сомасы 593,19 млрд теңге болатын 639 251 өтінішті қанағаттандырған. Алынған соманың орташа мөлшері 0,93 млн теңге.  

Өтініштердің 97,07% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,16% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының 1% аз мөлшері пайдаланылды.

Зейнетақы жинақтарының тиесілі бөлігін емделуге ақы төлеу мақсатында игеру бойынша Алматы қаласының (емделу ақысын төлеу бойынша орындалған өтініштердің жалпы көлемінің 14,35%), Атырау облысының (14,07%), Астана қаласының (12,51%) тұрғындары басым белсенділік танытты.

Салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на шамамен 54,66 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Жеке инвестициялық басқару

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 62,25 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 33 079 өтініш берушіден түскен 46 608 өтінішті орындаған. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,34 млн теңге.

Сондай-ақ оқыңыз