Қос миллиардердің компаниясы Halyk bank-тен 5 млрд теңге кредит алады
Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің қатарындағы Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Павлодарэнерго» компаниясы 5 млрд теңге кредит алады. Несиені Halyk bank береді.
Акционерлерінің Қазақстан қор биржасы сайтында жариялаған шешіміне сәйкес, келісім банк және «Павлодарэнергоның» бас компаниясы – Орталық-Азия электроэнергетикалық корпорациясының» (ОАЭК) құрамына кіретін басқа да еншілес фирмалар арасында жасалған.
ЦАЭК-тің құрамына «Павлодарэнергодан» бөлек, «Севказэнерго» АҚ, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» кіреді.
Компанияның 5 млрд теңге кредит алатыны 2024 жылдың соңында белгілі болған. «Павлодарэнерго» – «Орталық-Азия электроэнергетикалық корпорациясының» 100% еншілес кәсіпорны. Корпорацияға миллиардер Александр Клебанов пен Сергей Кан иелік етеді. ОАЭК-тің 47% акциясы – Александр Клебановка тиесілі болса, 47%-ы Сергей Канның меншігінде.
Александр Клебановтың байлығы 815 млн долларға бағаланса, Сергей Канның дәулеті 262 млн долларға тең. Екеуі де Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің қатарына кіреді.