Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2 млрд долларға азайды
Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2 млрд долларға азайды. 2024 жылдың қараша айында қорда 60,8 млрд доллар жинақталса, желтоқсанда 58,8 млрд долларға дейін азайған. Яғни бір айда Ұлттық қордағы активтер 3,41%-ға кеміген.
Ұлттық банк статистикасы бойынша, бір жылда қор активтері 2,02% азайды. 2024 жылдың қаңтар айында қорда 60 млрд доллар болған. Жыл соңында 58,8 млрд долларға дейін кеміді.
Жылдың соңғы айында халықаралық резерв өскен. Желтоқсан айында ол 3,6%-ға өсіп, 45,8 млрд долларға жеткен. Айлық өсім 1,59 млрд долларды құрайды. Жыл басынан бергі өсім көрсеткіші 27,45% болды.
2024 жылдың 12 айында Ұлттық қорға жалпы 8,8 трлн теңге түскен. Алайда қордағы қаржыдан Үкімет былтыр 5,6 трлн теңге алғандықтан, болашақ ұрпаққа деп жинап жатқан қаржы бір жылда 3 трлн теңгеге ғана өсті.
Қаржы министрлігінің есебінде Ұлттық қордан 2 трлн теңге кепілденділген трансферт, 3,6 трлн теңге – нысаналы трансферт ретінде бөлінгені жазылған.