Бас онколог Диляра Қайдарова қызметінен кетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бас онколог Диляра Қайдарова қызметінен кетті
Бас онколог Диляра Қайдарова қызметінен кетті / Фото: Онкология институты

9 жыл бойы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған Диляра Қайдарова қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды. 

Ол енді Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) бірінші проректоры қызметін атқарады.

Диляра Қайдарова 2016 жылдан 2025 жылдың қаңтарына дейін онкология институтын басқарды. Ал 2006-2016 жылдар аралығында Алматыдағы онкология орталығында басшы қызметін атқарған. Қызметтік жолын 1992 жылы Алматы онкологиялық диспансерінің гинекологиялық бөлімшесінде дәрігер-онколог болып бастаған.

Қазір Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы лауазымына ашық конкурс жарияланды. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Қайдарова табиғи уақыт белдеуіне сәйкес келмейтін аймақта тұратындарда қатерлі ісік қаупі жоғары екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз