Лос-Анджелес тұрғындары өртке байланысты эвакуация туралы хабарлама алды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Лос-Анджелес тұрғындары эвакуациялау туралы хабарлама алды
Лос-Анджелес тұрғындары эвакуациялау туралы хабарлама алды / Фото: apnews.com, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тің Лос-Анджелес қаласы тұрғындарына жаппай аймақтан кету туралы хабарламалар келе бастады. Эвакуацияға қатысатын адамдар саны шамамен 9 млн адам.

Лос-Анджелестің барлық тұрғындары биліктен эвакуациялауға шақырған шұғыл хабарлама алған. Жергілікті Los Angeles Times басылымның тілшісі Бриттни Мэги хабарлама қала тұрғындарын қорқытқанын атап өткен.

Ескерту шаралары Калифорния штатының көптеген аудандарын қамтыған өрттерге байланысты жүзеге асып жатыр. Дегенмен қала билігі штаттың барлық тұрғындары емес, қаланың бірнеше бөлігіндегі тұрғындар ғана эвакуациялануы қажет екенін айтқан.

Билік шұғыл эвакуация тек Калабасас және Агура Хиллз аудандарының тұрғындары үшін жария болғанын түсіндірді. Эвакуацияға байланысты іс-шаралар туралы нақты ақпарат алу үшін қала тұрғындарына округтің веб-сайтына жүгіну ұсынылды.

Айта кетейік, Лос-Анджелестегі өртке байланысты Оскар сыйлығына үміткерлер тізімі 23 қаңтарда жарияланады.

Өртке байланысты 24 адамның қайтыс болғаны белгілі, 10 мыңнан астам ғимарат өртеніп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз