Тұман мен көктайғақ. Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше 14-16 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді:
«Қар жауып, боран соғады. Елдің батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады», – деп хабарлады синоптиктер.
Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы:
- Түнде: батыс өңірлерде 0-8℃ аяз, солтүстік пен шығыста 10-25℃ аяз;
- Күндіз: батыста 5℃ аяздан 5℃ жылылыққа дейін, ал солтүстікте 2-10℃ аяз;
- Оңтүстікте түнде 1-13℃ аяз, күндіз 0-12℃ жылы болады.
Сондай-ақ қатты жел мен тұман болатыны болжанып отыр.