Қызылордада киік атқандар 7 жылға сотталып, 80 млн теңге төлеуге міндеттелді
Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Олар киіктерді көлікпен қуып, оқ атқан. Бұл әрекеттері үшін айыпталушылар қомақты айыппұл мен бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Табиғатты қорғау инспекторларының мәліметінше, браконьерлердің көлігін тексеру барысында 30 туша киік еті мен 5 киіктің басы табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, мемлекетке келтірілген залал 80 млн теңгеден асып түсті.
Сот үкімі
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 6-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Олардың бірі құқық қорғау органдарының қызметкері болғаны үшін жазасы ауырлататын мән-жай ретінде танылды. Сот үкімімен сотталушылар:
- Аң аулау құқығынан 7 және 8 жылға айырылды;
- 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды;
- ортақтасқан тәртіпте мемлекетке 77 миллион теңгеден астам шығын өтеуге міндеттелді.
Сонымен қатар сотталушылар келтірілген шығынның 3 миллион теңгесін өз еріктерімен қайтарғаны анықталды. Қызылорда облыстық соты алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.