Трамп 2020 жылғы президенттік сайлауға кедергі келтіру мақсатында «қылмыстық әрекетке» барған – АҚШ прокуроры
АҚШ-тың арнайы прокуроры Джек Смит Дональд Трампты 2020 жылғы президенттік сайлауға кедергі келтіру мақсатында «қылмыстық әрекетке» қатысқан деп топшылайды. Бұл туралы прокуратураның сейсенбі, 14 қаңтарда жариялаған есебінде жазылған.
Құжатта АҚШ президентінің 2020 жылы сайлауға түскен Джо Байденнің дауыс жинауына кедергі келтіру үшін қылмыстық әрекетке барғаны туралы жазылады. Смит Трампты сотта айыптау үшін дәлелдер жеткілікті екенін айтқан. Бірақ айыптау ісін жалғастыруға Трамптың президент болып сайлануы кедергі келтірген. Яғни АҚШ заңына сәйкес, президент ретінде ол қылмыстық қудаланбайды.
Есеп жарияланған соң, Трамп өзінің Truth Social веб-сайтында прокурор Джек Смитті бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын «сайлауға дейін аяқтай алмаған ақымақ прокурор» деп атады. Ал адвокаттары Бас прокурор Меррик Гарландқа хат жазып, бұл есепті «саяси астары бар шабуыл» деп бағалап, бұл ақпараттың Трамптың Ақ үйге оралуына зиян тигізетінін мәлімдеген.
Смит өткен жылғы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Трампқа қарсы басталған екі істі де тоқтатты. Екеуі де әділет департаментінің қазіргі президентті қудалауға қарсы ұзақ мерзімді саясатына байланысты тоқтатылып отыр.