2024 жылы қазақстандықтар интернет дүкендерге 3,2 трлн теңге жұмсаған

Жарияланды
Онлайн сауда
Қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсаған / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсаған. Бұл туралы Үкімет отырысындаСауда және интиграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

«2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 триллион теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда жоспарланған 14,5%-дан 15% пайызға дейін артуы болжануда», – деді министр.

Министрдің мәліметінше, электрондық сауда көлемі 2020 жылдан бастап 5 есе өскен. Бірақ соған қарамастан, бұл көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейден біршама төмен екен.

Соңғы 4 жылда онлайн сауда көлемінің артуына елде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілінің кең таралуы ықпал еткен. Сонымен бірге елдегі бөлшек финтех саласының дамуы мен интернеттің қолжетімділігі де жағдайға оң әсер еткен.

Министрлік осы артықшылықтарды ескере отырып, 2029 жылға дейін электрондық сауданың бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 18,5%-ға дейін артады деп болжайды. Мұндайда онлайн сауда айналымы 9,3 трлн теңгеге дейін артуы мүмкін.

«Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Шаққалиев.

Сондай-ақ оқыңыз