TikTok-тың бұғатталатын уақыты жақындады. АҚШ сенаторлары Байденнен тыйым мерзімін шегеруді сұрап отыр

Жарияланды
TikTok АҚШ
АҚШ сенторлары TikTok-тың бұғаталуына қарсы шықты / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қытайдың ByteDance компаниясына TikTok-тың АҚШ-тағы активтерін сатуға берілген уақыты аяқталуға жақын. Осыған орай демократиялық партия сенаторлары президент Джа Байденнен тыйым мерзімін шегере тұруды сұраған.

«Дүйсенбіде демократиялық партияның екі заң шығарушысы АҚШ президенті Джо Байден мен Конгреске Қытайдың ByteDance компаниясына TikTok-тың АҚШ-тағы активтерін сатуға берілген мерзімін ұзартуды ұсынды», – деп хабарлайды Reuters басылымы.

Басылым мәліметінше, егер 19 қаңтарға дейін компания активтерін сатып үлгермесе, қолданбаға Америка аумағында тыйым салынуы мүмкін.

Ал компанияның қорғаушысы Ноэль Франциско активтерді сату шараларының АҚШ билігі белгілеген уақытқа дейін аяқталмайтынын мәлімдеген. Қорғаушы 170 миллион америкалық пайдаланатын қосымшаға тыйым салынса, платформаның елдегі жұмысы түбейгейлі тоқтап қалатынын мәлімдеген.

Бұл пікірмен Сенатор Эдвард Марки де келіседі. Ол қосымша бұғатталса, миллиондаған адам қолданатын «бірегей ақпараттық және мәдени экожүйенің» бұзылатынын мәлімдеген.

« TikTok-қа тыйым салу әлеуметтік байланыстары мен экономикалық өмірі қолданбаға тәуелді миллиондаған америкалықтар үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Біз бұған жол бере алмаймыз», – деп мәлімдеген сенатор.

Сонымен бірге демкорат Ро Ханна да тыйым мерзімін шегеруді құптап, 170 млн америкалықтың сөз бостандығының шектелуіне жол берілмейтінін мәлімдеген.

Айта кетейік, 2024 жылдың көктемінде АҚШ Өкілдер палатасы ByteDance-ті TikTok-тан бас тартуға мәжбүр ететін заң жобасын қабылдаған болатын. Ол кезде компанияға АҚШ активтерінен айырылуға алты ай уақыт берілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз