Қытай мінілген автокөліктерін Ресейге, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттай бастады

Жарияланды
Қытай бір жыл ішінде 400 мыңға жуық осындай көлікті шет елге сатқан /фото: KursivMedia мұрағаты

2024 жылы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан Қытайдың саудаға шығарылған мінілген көліктерінің 50%-ын сатып алған.

Nikkei хабарлауынша, былтыр Қытай мінілген темір тұлпарларының 45%-ын экпортқа шығарған. Бір жыл ішінде 400 мыңға жуық осындай көлікті шет елге сатқан. Оларға Ресей мен Орталық Азия елдері қатты қызығушылық танытып отыр.

Сарапшылардың есебінше, Қытайдың шетелге сатқан ескі көліктерінің 50 пайызға жуығын Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан сатып алыпты.

2023 жылы Қытай жаңа автокөліктерді экспортқа шығарудан көшбасшы елге айналды. Әлемдік нарыққа 4,91 миллион көлік шығарған. Бір жылдың ішінде экспорт көлемін 1,5 есеге арттырып отыр.

Қытай көліктерінің саудасы қызып тұр. Танымалдығы да артып келеді. Бұған көліктердің тартымды функциялары мен арзан бағасы түрткі болып отыр.

Өткен қараша айында Қазақстанның шығыстағы көршісі Қытайдан 1,4 млрд долларға автокөлік сатып алғанын жазғанбыз.    

Сондай-ақ оқыңыз