Ресейде интернет жоқ: ақпарат құралдары оқырмандарымен қош айтыса бастады
Ресейде интернет байланысы үзілді. Қолданушылар сайттарға, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге кіре алмай шағымданып жатыр.
Мұндай түйткіл байланыс операторларына да қатысты. «Билайн», «Мегафон», МТС және«Теле 2» да интернетсіз қалған. Жауапты мекеме – Роскомнадзор Ресейде мұның сырын себебін түсіндіріп бере алмаған. Айтуларынша, себебін енді анықтап жатқанға ұқсайды.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары оқырмандарымен қоштасып жатыр.
«Біз әрмен қарай не боларын білмейміз. Сондықтан қоштасып алайық. Өздеріңізді жақсы көріңіздер. Өмір сүріңіздер, жақсы көріңіздер, тәті ас ішіңіздер. Кітап оқып, балаларыңызбен ойнаңыздар. Жұбайларыңызға жақсы көретіндеріңізді айтыңыздар. Балаларыңызбен, ата-аналарыңызбен жиі сөйлесіңіздер», – деп кеңес берді Маsh телеграм арнасы.
Google, Liveinternet, «Википедия», РЖД және басқа сайттар істен шыққан. Басқа да интернет сервистер істемей тұр. Банк қосымшалары да ашылмай, электронды пошталар да жоқ болып кеткен.
Бір қызығы, шетелде барлық парақшалар мен сервистер жұмыс істеп тұр.