Үкімет алдағы екі жылдың бюджетін атқаруға кірісті

Жарияланды
2025-2027 жылдары бюджет тапшылығы 4 трлн теңгені құрайды / Фото: shutterstock

Үкімет «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті орындау туралы Заң жобасын жүзеге асыру» атты қаулы қабылдады. Яғни алдағы екі жылға жоспарланған бюджетті игеруге кірісті.

Бюджетті орындау көлемі төмендегідей:

Кіріс – 21,4 трлн теңге, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер – 15,2 трлн теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 435,3 млрд теңге;
  • негізгі капиталды сатқаннан кейінгі түсімдер – 5,2 млрд теңге;
  • трансферттен түсімдер – 5,76 трлн теңге;

Шығын – 25,2 трлн теңге, оның ішінде:

  • таза бюджеттік кредиттеу – 252,1 млрд теңге;
  • бюджеттік кредит – 510,5 млрд теңге;
  • бюджеттік кредиттік жабу – 258,3 млрд теңге;

Қаржы активтерінің операциялары бойынша сальдо – 46,9 млрд теңге:

  • бюджет тапшылығы – 4,1 трлн теңге немесе бұл елдегі ЖІӨ-нің 2,7%-на тең;
  • бюджеттің мұнай емес тапшылығы – 10 трлн теңге немесе елдің ЖІӨ-нің 7,3%-на тең;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4,1 трлн теңге;

Сондай-ақ басымдыққа ие республикалық бюджет инвестициялары, несиелеу, резерв және түсімдер бекітілді.

Бұған дейін Kursiv. Media бюджетті жоспарлау жайлы сарапшылардан сұраған еді. Экономистер үкіметтің 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы құжатына күмәнмен қарайды. Ол туралы мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз