Банк пен қаржы

Биржада сатылған доллар көлемі өсті. Ұлттық банк интервенция жасады ма?

Ұлттық банк теңгені қолдау үшін валюталық интервенция жүргізуді бастады
14 қаңтарда нарықта 300 млн доллар саудаланды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

14 қаңтар, сейсенбіде, америкалық валюта қымбаттап, теңге әлсіреді. 13 қаңтарда доллар 528,71 теңгеден саудаланған еді. Енді курс бағамы 2 теңгеге көтеріліп, бір доллар 530,20 теңгеден сатылды.

Ал айырбастау пункттерінде шетелдік валюта бағамы аса қатты өзгерген жоқ. 529,5-530 теңгеден саудаланып жатыр.

Валюта нарығындағы сауда көлемі де жыл басынан бері ең үлкен нәтиже көрсетті. Кешкі сауда қорытындысы бойынша, нарықта 300 млн доллар сатылды.

Ұлттық Банк интервенция жүргізіп жатыр ма?

Жыл басынан бері нарықтағы кейбір өзгерістерге қарап, сарапшылар Ұлттық Банк интервенция жүргізіп отыруі мүмкін деген болжам жасайды. Экономист Ғалымжан Айтқазиннің пікірінше, биржадағы сауда-саттық көлемінің ұлғаюы реттеуші тарапынан валюталық интервенция жүргізуінің себебі болуы мүмкін.

Бұған дейін биржада 6 қаңтар күні 245 млн доллар, ал 9 қаңтарда 236 млн доллар сатылған еді. Ал бүгін осы айдағы рекордты көрсеткіш 300 млн-ға дейін жетті. Бірақ доллар көбірек сатылғанына қарамастан, теңге әлсіреп жатқанын айта кету керек.

Әзірге бұған қатысты Ұлттық банк ресми пікір білдірмеді. Әдетте елдің басты қаржы ұйымы әр айдың басында биржадағы нәтиже бойынша есеп береді.

Айта кетейік, жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев теңгенің бағамын ұстап тұру үшін резевтерді босқа жаратуға қарсы екенін айтып еді.