Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы нарыққа талдау жасады. Мамандар пікірінше, 2025 жылы сыртқы қарыз үшін қызмет көрсетуге және жабуға 30,5 млрд доллар керек.
Валюта нарығы
Апта басындағы сауда нәтижесі бойынша, нарықта шетелдік валютаның сұранысқа көбірек ие болғаны байқалған. Дегенмен сауда көлемі 186,8 млн долларды құрады. Бұл оған дейінгі көрсеткішке қарағанда 9,7 млн аз. Қаржыгерлер пікірінше, Ұлттық қордың бюджетке трансфертінің конвертациясы мен экспорттық түсімдер арқылы қамтамасыз етілетін шетелдік валюта бойынша ұсынысты қазіргі сұраныс қанағаттандыра алмай отыр. Себебі сыртқы қарыздар бойынша шығындар бар, импорттық жеткізілімдерді төлеу керек. ҚР ҰБ-ның мәліметінше, 2025 жылы сыртқы қарыз бойынша шығындарды өтеу үшін 30,5 млрд доллар керек болады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 24,4 млрд доллар болған еді
Қор нарығы
13 қаңтарда қор нарығындағы сауда нәтижесі бойынша, KASE индексі 5 782 пунктке дейін төмендеді. Kaspi (-1,6%), «Қазатомөнеркәсіп»(-1,2%) және Халық Банкі (-0,9%) тәрізді компаниялардың акцияларында коррекциялық жеңілдіктер байқалған. Басқа компаниялардың құнды қағаздары 0,1-1,2% көлемінде өсім көрсетті. Бұл нарықтағы тағы бір оқиға ретінде BirinshiLombard-тың көлемі 300,8 млн теңге болатын екі жылдық облигацияларын нарыққа шығаруын айтуға болады.
Мұнай
Апта басында Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 81,0 долларға дейін өсті. Мамандар ресейлік мұнайға қарсы АҚШ санкцияларының кеңеюі Үндістан мен Қытайдың басқа да жеткізушілерді іздеуіне себепкер болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі уақытта 65-ке жуық танкерлер Ресейден мұнай тасымалдауын тоқтатты. Goldman Sachs бағалауынша, 2024 жылы санкцияға іліккен танкерлер ресейлік мұнайдың 25%-ын тасымалдаған.
Тәуекел активтер
13 қаңтарда негізгі америкалық қор индекстері жақсы динамика көрсетті. S&P және Dow сәйкесінше 0,2% және 0,9% қосты. Ал Nasdaq 0,4%-ға төмендеді. Сарапшылар мұндай динамика денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарға байланысты болуы мүмкін екенін айтады.. Джо Байден жеке сақтандырушылар үшін борышты қайтару мөлшерлемесін көтергеннен кейін, UnitedHealth акциялары 4%-ға өскен.
Тағы бір атап өтетін нәрсе, қазір АҚШ-та кезекті есепті кезең басталды. Ірі америкалық банктер 2024 жылдың төртінші тоқсанына қатысты есептерін жариялап жатыр. Бұл оқиға да инвесторлар мен сарапшылардың назарында болмақ.