Калифорниядағы өрт салдарынан экономикалық шығын есебі «Хелен» дауылының зарарынан асып кетті

Жарияланды
Лос-Анджелес қаласындағы өртшығын бірнеше миллиард доллар құрайды/ фото: kursiv.media архивінен

Калифорнияның оңтүстігінде жалғасып жатқан ормандағы өрттің шығыны 250-275 миллиард доллар болуы мүмкін, деп жазды Интерфакс The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

AccuWeather ұйымы мұның алдында ормандағы өрт салдарынан 135-150 млрд доллар экономикалық шығын болады есептеген.

«Бұл Калифорния тарихындағы ең күшті орман өрттерінің бірі», – деді компанияның бас метеорологы Джонатан Портер.

Алапат өрт екі жерде – Лос-Анджелестің батысындағы Тынық мұхиты Пасифик-Палисейдс және Лос-Анджелестің шығысындағы Альтадин аймағында – 12 мыңнан астам нысанды күйретті. Санта-Моника мен Малибу арасындағы ең қымбат тұрғын үйлер өртенді. Мұндағы орташа жылжымайтын мүлік бағасы 2 миллион долларды құрайды.

Ағымдағы өрттер АҚШ-тағы соңғы апаттардан, мысалы, 2023 жылғы Гавайидегі орман өрттері мен 2024 жылғы Хелен дауылынан асып түсті, деп хабарлайды AccuWeather.  Гавайидегі апат 2,2 мыңнан астам ғимаратты қиратып, 5,5 миллиард доллар шығын келтірді. «Хелена» дауылының залалы 225-250 миллиард долларды құрады.

Калифорниядағы өрттен қаза тапқандар саны – 24-ке жетті. Билік зардап шеккендерді анықтау әлі жалғасып жатқанын ескертті.

Байден барлық шығын өтеледі деген уәде берген. Трамп өртті өшіру жұмысын сынаған.

Сондай-ақ оқыңыз