Жаңалықтар

Қазақстанда бэби-бум аяқталды ма? Туу көрсеткіші төмендеді

Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 278 мың 698 бала дүниеге келді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға (290 мың 894) аз.

Статистика бюросының мәліметінше, Туу коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 18,47-ні құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 19,54 болған. Керісінше өлім коэфиценті 2024 жылдың 9 айында жоғарырақ – 6,59. 2023 жылдың 9 айында коэфицент 6,46-ны құраған.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер:

  • Түркістан облысы – 40,3 мың бала (жылына минус 2,9%);
  • Алматы қаласы – 26,1 мың бала (жылына минус 1,1%);
  • Алматы облысы – 24,2 мың бала (жылына минус 3,5%).

Туу көрсеткіші төмен өңірлерге Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жатады.

Пандемиямен байланысты болған бэби-бумнан кейінгі туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық 20 өңірінде байқалады. Төмендеу көрсеткіші Алматыда 1,1%-дан Солтүстік Қазақстан облысында 7,9%-ға дейін ауытқиды.

Халық саны

Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 20 млн 265 мың 320 адамды құраған. 2024 жылғы 1 қаңтар – 1 желтоқсан аралығында халықтың жалпы өсімі 231 478 адамға жеткен. Оның 217 133-і табиғи өсім, 14 345-і көші-қон есебінен жүзеге асқан. Өсім орташа есеппен 1,16 %. Қала халқының саны – 12 млн 629 мың 615 адам, ауыл халқы – 7 млн 519 мың 966 адам.