Жаңалықтар

Польша Украинаға Еуроодаққа кіру процесін жеделдетуді жоспарлап отыр –Туск

Фото: Украинская правда

Польшаның премьер-министрі Дональд Туск Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінде Киевтің Еуроодаққа кіруін жылдамдатуға барынша атсалысатынын мәлім етті, деп жазады ВВС-дің орыс қызметі.

«Біз Украинамен Еуропалық одаққа кіру жолы туралы сөйлестік. Мұнда мен екі нәрсені атап өткім келеді. Польша төрағалығы соңғы айларда айқын байқалған тығырықтан шығуға мүмкіндік береді. Біз Украинамен және еуропалық серіктестерімізбен бірге, сондай-ақ ешқандай шартсыз, [Украинаның] Еуроодаққа кіру процесін барынша жеделдету үшін жұмыс істейміз», – деді Дональд Туск.

1 қаңтарда басталған Польшаның Еуроодаққа төрағалығы 2025 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Владимир Зеленский Варшавада ресми сапармен жүр. Ол Польша басшылығымен 1943–1944 жылдардағы Волынь қасіретіне байланысты мәселелерді ілгерілету мүмкіндігін талқылаған..

Волынь қасіреті – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1943–1944 жылдары Волынь өңірінде болған этникалық қақтығыстар мен зорлық-зомбылық оқиғаларын сипаттайтын тарихи атау. Бұл трагедия негізінен украиндар мен поляктар арасында болып, салдарынан бейбіт халық жаппай қырылған. Қақтығыс кезінде 100 мыңға дейін поляк қызырғалы туралы деректер бар.

2016 жылы Польша парламенті Волынь қасіретін геноцид деп тану туралы резолюция қабылдады. Украина бұл шешімге келіспейтінін білдіріп, екі жақтың ымыраға келуін қолдайтынын айтты. Бұл тақырып қазіргі уақытта да тарихи әділеттілік пен өзара кешірім іздеудің негізінде қарастырылып келеді.