Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты қандай шешім шығаруы мүмкін?
Ұлттық банк 17 қаңтар күні базалық мөлшерлемеге қатысты 2025 жылдағы алғашқы шешімін шығарады. Halyk Finance сарапшылары бас банк теңге құнсызданып, инфляция қарқын алғандықтан, базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады деген пікірде.
Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көктемге дейін 15,25 пайыз деңгейінде сақтайды деп пайымдайды.
«Былтыр соңында инфляциялық тәуекелдердің күшеюі аясында реттеуші базалық мөлшерлемені бірден 1 пайыздық пунктке көтерді. Қазіргі инфляция жылдамдап, инфляциялық күтулердің өсіп және теңге құнсызданғанда Ұлттық банк мөлшерлеменің қазіргі деңгейін сақтап қалуы ықтимал. Қазір алық саясатының ынталандырушы сипаты, айырбас бағамы әлсіреп және реттелетін баға өсіп жатқандықтан, жалпы алғанда орынды шешім болмақ», – деп тұжырымдайды ол.
Ұлттық банк 2024 жылдың қараша айында базалық мөлшерлемені 14,25 пайыздан 15,25 пайызға дейін көтерді. Реттеушінің бұл шешіміне Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өскені әсер еткен.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сауалнамасына қатысқан сарапшыларҰлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетпейді деп пікір білдірген Ал бір жылдан соң негізгі көрсеткіш 14,25% деңгейінде сақталуы мүмкін.