«Қансонар» аңшық шаруашылық қоғамдық бірлестігі Qazpatent ұйымынан ресми түрде «Қазақ тазысын» патенттеуге рұқсат алды. Бірлестік 2013 жылы тіркеуден өткен.
Сынақ жұмыстарын жүргізуге дайындықты 2021-2023 жылдары генетика институты жүргізген. «Қазақ тазысы» тұқымының генін бағалау және құру мақсатында генетикалық материалдар жиналып, ДНҚ-профильдері әзірленген. Патент ҚР АШМ мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде беріліп, селекциялық сынақ жүргізуге рұқсат алынған.
«Зерттеулер қазақ тазы ит тұқымының жоғары жүйке қызметінің (ЖЖҚ) типологиялық ерекшелігін, оның жүйке жүйесінің жоғары жүйке орталықтарының функционалдық жай-күйінің неғұрлым тұрақты, туа біткен және өмірлік қасиеттерін анықтады», – делінген хабарламада.
Енді «Қансонар» ұйымына қазақ тазысы мен төбеттің тұқымдарын сақтау, көбейту және жұртшылықтың қызығушылығын арттыру жауапкершілігі жүктелген. Енді өңірлердегі питомникдерді осы иттердің тұқымын көбейту басталады. Және «Қазақ тазысының» қазіргі климатқа бейім жаңа тұқымы құрылады.
Зерттеулер нәтижесінде «Қазақ тазысының» жүгіру, өзін-өзі ұстау ерекшеліктері анықталған. Зерттеу нәтижесімен патент беріліп, «Қансонар» бірлестігі жыл сайын асыл тұқымды иттер арасында байқаулар өткізуге рұқсат алған.