Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова елден шығарылмайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Шерзат Полаттың әпкесі елден шығарылмайтын болды
Шерзат Полаттың әпкесі елден шығарылмайтын болды / Фото: Instagram, meirman_shekeyev_halyq_zangeri

Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова елде қалатын болды. Қуанышты хабарды оның адвокаты Мейірман Шекеев жеткізді.

«Біздің берген өтініш хаттарымызға қатысты облыс прокуратурасы іс құжаттарын зерделей келіп, Бас прокуратураға Бақыт Реймова қатысты әкімшілік жолмен шығарып жіберумен байланысты емес жауапқа тарту туралы ұсыныс жолдағанын хабарлады», – деді адвокат.

Яғни Алматы облысының прокуратурасы Бас прокуратураның келісімімен Жоғарғы сотқа Бақыт Реймованы елден шығармау туралы ұсыныс жолдаған. Оның жазасын басқа жолмен өтеу туралы өтініш берген. Енді Реймованың елде қалу мәселесін Жоғарғы соттың кассациясы шешеді.

Адвокаттың жазуынша, облыстық прокуратураның бұл шешіміне Бала құқығы жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро арқылы түскен өтініштер себеп болған.

Бақыт Реймова інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінен кейін ұсталып, 15 күнге қамауға алынып, өзге елдің азаматы болғандықтан, сот шешімімен Қазақстаннан шығарылуы керек болған. Осыдан кейін кәмелеттік жасқа толмаған жалғыз ұлы Мейірбек Реймов асыраушысыз қалуы мүмкін екенін айтып, үндеу жолдаған.

Сондай-ақ оқыңыз