Lifestyle

Алматыда шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды / фото: архив kursiv.media

2025 жылдың 15 қаңтарында Алматы қаласында 6 мен 18 жас аралығындағы жеті жас санаты бойынша юниорлар арасында шахматтан Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді. Турнир уақыт стандарты (классикалық), жылдам (рапид) және шапшаң (блиц) бойынша үш санатта өтеді.

Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) президенті Тимур Турловтың айтуынша, бұл турнир жас таланттарға өздерін көрсетуге ғана емес, 2025 жылы өтетін беделді халықаралық жарыстарға ел атынан қатысуға мүмкіндік береді.

«Чемпионат қазақстандық шахматтың жаңа маусымын аша отырып, көптеген жарқын жеңіс пен жетістіктердің негізін қалады. Біз шахмат позициямызды әлемдік деңгейде нығайту үшін барлық қажетті шараларды жалғастыра береміз», — деді Турлов.

2024 жылғы жетістіктер

Өткен жылы қазақстандық шахматшылар Әлем, Азия және Батыс Азия чемпионаттарында 121 медаль жеңіп алған болатын: 49 алтын, 38 күміс және 34 қола. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – бұл турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасындағы жоғары деңгейдегі бәсекелестік.

Фавориттер және жас таланттар

Чемпионатқа әлемдік деңгейдегі атақты жас шахматшылар қатысып жатыр, олардың қатарында:

  • 2023 жылғы әлем чемпионы (U10) Данис Қуандықұлы,
  • 2024 жылғы әлем чемпионы (U12) Марк Смирнов,
  • Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері Айару Алтынбек, Ханзада Аманжол, Елназ Қалиахмет (барлығы да – U14),
  • 2024 жылғы әлем чемпионы Алиша Бисалиева (U8),
  • 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпаздары Милана Филиппова мен Ризат Ұлан (U10),
  • Азия чемпионы және Әлем кубогының жеңімпазы Нұрәлі Болашақов (U12).