19 млн шаршы метр. Өнеркәсіп министрлігі 2025 жылы елде рекордтық көлемде тұрғын үй салынатынын хабарлады
Жарияланды
Үкімет 2025 жылы Қазақстанда 19 млн шаршы метр үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл министрлік тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке жетуді көздеп отыр.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 мл шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш», – делінген баспасөз хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, 2024 жылы 172 089 баспана пайдалануға берілген. Оның 39 064-і жеке үй. Тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары көш бастайды.