Еуроодақ Жоғары сот инстанциясы ресейлік «Мегафон» телекоммуникациялық компаниясының санкциядан шығару туралы талап-арызын кері қайтарды. Бұл шектеу Ресейдің Украинаға ашқан соғысын модильді оператордың қолдағаны үшін салынған еді.
DW ақпаратына қарағанда, ЕО кеңесі «Мегафонға» 2023 жылы ақпан айында санкциялық тізімге енгізген. Компанияның Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысын тікелей қолдайтынын көрсеткен.
Санкция аясында еуропалық компанияларға «Мегафонға» әскери мақсатта қолданылуы мүмкін тауарлар мен технологияларды жеткізуге, сондай-ақ техникалық немесе қаржылау көмек беруге де тыйым салынды.
«Мегафон» Еуропа сотында ЕС кеңесінің шешіміне қарсы арыздануға ұмтылды. Ресейлік компания бұрыс баға негізінде санкция салынғанын, бизнес жасау бостандығының шектелгенін, қорғану құқығының бұзылғанын алға тартқан. ЕО соты «Мегафонның» барлық дәйектерін терістеп, санкцияны орынды деп тапты.
«Бұл шаралар Ресейдегі мобильді байланыс саласындағы ірі ойыншыға белгілі бір тауарлар мен технологияларды сатып алуға кедергі жасауға бағытталған. Өйткені, олар Украинаға қарсы ресейлік агрессияны қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ресей армиясына телекоммуникациялық қызмет көрсетуі ықтимал», – делінген соттың хабарламасында.
AFP агенттігінің мәліметінше, «Мегафонның» үлесі Өзбекстанда туылған ресейлік миллиардер Алишер Усмановқа тиесілі. Усмановтың өзі де ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Австралия және басқа да елдердің санкциясына ұшырады. Бұған миллиардердің Ресей президенті Владимир Путинмен «ерекше тығыз қарым-қатынасының» болуы түрткі болған. 2024 жылы Усманов та бұл шешімге қарсы сотқа жүгінгенмен, ЕО соты оның талап-аразын кері қайтарған-ды.