Жаңалықтар

«ҚазМұнайГазбен» арабиялық компания бірігіп кеме салады

Транскаспий
«Қазақтеңізкөлікфлоты» мен AD Ports Group екі заманауи кеме жасайды / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«ҚазМұнайГаз» АҚ мен арабиялық компания жаңа кемелер салуға кіріседі. Бұл туралы отандық компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Келісім аясында, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына кіретін «Қазақтеңізкөлікфлоты» мен арабиялық AD Ports Group екі заманауи контейнерлік кеме жасайды. Олар Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған, сыйымдылығы 500 ЖФЭ-ден асады.

«Құжат Каспий өңірінде серіктестікті нығайтуға және бизнесті кеңейтуге бағытталған. Жаңа аз шөгінді кемелер Транскаспий бағытының айналымы мен өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ аталған компаниялар Каспий теңізі арқылы өтетін интермодальды паром желісін дамыту бойынша жоспарды нақтылады. Бұл жоба аясында сыйымдылығы жоғары паромдар салынып, заманауи терминал инфрақұрылымын құруылуы керек. Ол арқылы Транскаспий бағытындағы тразит уақыты да едәуір қысқарады.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты — Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын дәліз.

«ҚазМұнайГазбен» жұмыс істегелі отырған AD Ports Group компаниясы БАӘ-дегі ондаған порттар мен терминалдарға бақылау жасайды. Ол нысанның барлығы елді көлік, автомобиль, темір жол арқылы халықаралық нарыққа шығаратын маңызды нысандар.