Жаңалықтар

2023 жылғы таза пайдасынан ең көп дивиденд төлеген компаниялар белгілі болды

Kaspi мен Халық Банк дивиденд бойынша ең көп төлем жасаған
Kaspi мен Халық Банк дивиденд бойынша ең көп төлем жасаған / коллаж kursivmedia

Қазақстан қор биржасының тізіміндегі ашық нарықта акциялар үлесі бар жеке компаниялар, сондай-ақ квазиұлттық компаниялар 2023 жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңге сыйақы төлеген. Forbes Kazakhstan есептеуінше, бұл сома 2020 жылмен салыстырғанда аз. Ол кезде акционерлерге 1,89 трлн теңге төленген еді.

2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша, төленген дивидендтер көлемінің азаюы қалыпты нәрсе. Себебі листиң қатарындағы компаниялардың көпшілігі таза пайда тапқан жоқ. Нәтижесінде таза пайда көлемінен берілетін дивиденттің орташа пайызы да азайған. Листиңдегі жеке компаниялар бойынша, бұл көрсеткіш 9,4%-ды құрады. Орташа пайыз бойынша дивидендті тұрақты төлеген квазимемлекеттік компаниялар. Көрсеткіш 50%-ды құрайды.

Нарықтағы ойыншылар ішінен 21 акционерлік қоғам дивиденд төледі. Ал 43 акционерлік компания мен 84 жеке және квазиұлттық компани] таза пайдасын бөлмеген, (2023 жыл үшін есеп берген он акционерлік компания шығын шеккенін көрсеткен). Ал кейбір компаниялар әлі пайданы бөліп төлеу туралы шешім шығармаған.

Ең көп дивиденд төлеген қай компаниялар?

2023 жылы жеке компаниялар ішінен ең көп дивиденд төлем жасаған – Kaspi.kz, 323 млрд теңге. Екінші орында 277,4 млрд теңге төлеген Halyk bank тұр. 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша, таза пайыздық табысы өсті. Бір жыл ішінде банктің таза түсімі 21,7%-ға өсіп, 693,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылы таза түсім 318,2 млрд теңге болған еді. Банк ең алдымен кредиттік және транзакциялық бизнестен пайда табады. Таза түсім жақсы өсім көрсеткендіктен акционерлер таза түсімнің 40%-ын сыйақы ретінде өздеріне қалдырған.

Жалпы 2023 жылда ең көп дивидендті төлем жасаған компаниялар арасында «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Халық Банкі», «Forte Bank», «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қазақтелеком» бар.

Ал, Air Astana дивиденд төлемеген. Компанияның мажориталық акционері деп есептелетін «Самұрық-Қазына» қоры 2023 жыл үшін таза пайданы бөліспеу туралы шешім қабылдаған. Air Astana-ның қаржылық көрсеткіштері жақсы болғанына қарамастан, қор Air Astana түбегейлі дұрыс бағаланбаған деп тауып, дивиденд төлеуді тек 2025 жылы ғана қарастыратынын мәлімдеді.