Жаңалықтар

Қазақстан энергетика саласында тозған нысандар мәселесін шешу үшін қаржы көздерінен инвестиция тартуға кіріседі

Энергетика мәселесін қаузайтын жобалық кеңсе жұмысын бастады/ фото: kursiv.media

Үкімет электр қуаты мен коммуналдық желілерді жаңғырту жобаларына басымдық бермек. Бұл сектордағы инфрақұрылым әбден тозған. Нақты шаралар қабылдауға монополист компаниялар қауқарсыз.

Осыған байланысты «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе жұмысын бастады.

2029 жылға дейін Үкімет коммуналдық құбыр желісін жаңғырту үшін 6,8 трлн теңге табуға тиіс. Ал электр энергиясын өндіру үшін 6,2 трлн теңге қаражат керек.

Қаржы көздері әр сектордан болады деп есептелінген:

  • Екінші деңгейлі банктер;
  • Ұлттық қаржылық даму институттары;
  • Халықаралық ұйымдар;

Инвестициялау саясатын жүргізу құзыретіне «Бәйтерек» ұлттық холдингі ие болады. Холдинг субъектілерді қаржыландыру, демеуқаржы үлестіру мәселесін шешеді.

«ТКШ Қазорталық» АҚ құрылыс жұмысын қадағалайды.

Ұлттық жобада 27 жаңа өндіріс орнын ашу және жұмыс орындарын құру қарастырылған. Жобалық кеңсе жаңа энергия көздерін көбейту жайын да талқылап отырады.